Алматы қаласының Әуезов ауданындағы тұрғын үйде қоғамдық тәртіп бұзылды. Оқиға орнына жеткен патрульдік полицейлерге бағынбаған тұрғын күш көрсетті. Желіде тараған бейнежазбадан күдіктінің өзін ұстап тұрған тәртіп сақшысын ұрып жібергенін көруге болады. Бұзақы ұсталды. Енді ісіне өзі жауап береді. Қызметтік міндетін атқарып жүрген тәртіп сақшыларына күш қолдануға жол берілмейді.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Оқиғаға қатысушылардың әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оларға күш қолдануға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер қылмыстық жауапқа әкелетінін ескертеміз. Полицияның заңды қызметіне кедергі келтіру заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
