Ақтөбе облысында учаскелік полиция инспекторы өртке оранған үйден ес-түссіз жатқан ер адамды құтқарды. Төтенше жағдай Алтай батыр ауылында болған. Дәрігерлер иіске уланған тұрғынның жағдайы жақсы деп отыр. Үй пешпен жылытылған. Отын мен көмір бықсып, улы газ бөлінген. Ал ұйқыда жатқан үй иесі иісті сезбей, есінен танып қалған.
БИБАТША ӘБЕНОВА, АЛТАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Осындай полицейлер көп болсын. Халқымызға қызмет етсін. Тек дендері сау болып, шапқылап жүре берсін. Мен анамын ғой. Балам тірі қалғанына қуанып отырмын. Жарықтарым, көп-көп рақмет!
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
