Эболаның тағы бір түрінен екпе арқылы сақтануға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екі жаңа вакцинаны сынақтан өткізуге рұқсат берді. Оны Moderna компаниясы және Оксфорд университеті үндістандық мамандармен бірлесіп жасап шығарды. Ғалымдар өлімге әкелетін қауіпті инфекцияның таралуын тоқтата аламыз деп үміттенеді.
Естеріңізге сала кетейік, Конго Демократиялық Республикасында Эболаның ең қауіпті түрі – Бундибугйо дерті өршіп тұр. Бұл ауру жұқтырғандардың жартысына жуығы аман қалмай жатыр. Зерттеудің алғашқы нәтижесі 2027 жылдың басында шығады. Осы арада ДДСҰ елдерді шекараны жаппауға шақырды. Қатаң шектеу адамды заңсыз жолды қолдануға мәжбүр етіп, эпидемиямен күресті тіпті қиындатып жіберуі мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
