Қар, көктайғақ. күшті жел: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райына қатысты ескерту жасады.
Елордада күн салыстырмалы түрде жылы. Жауын-шашын күтілмейді. Сондықтан сыртқа шығып, серуендеп қайтуға әбден болады. Алайда, 7 қарашада түнде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.
Жалпы, синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің өзге өңірлерінде ауа райы күрт құбылмалы болдаы. 6 қарашада оңтүстік пен орталық өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Жел де біршама күшейеді. Әсіресе бес өңірдің тұрғындарына сақ болған жөн. Абай, Алматы, Қарағанды, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауады деп болжанып отыр.

АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Алдағы үш күнде еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерде ауа райы нашарлайды. Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары болжанады. 5-6 қарашада республиканың солтүстік-батысында қатты жауын-шашын, қар, ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.

Мамандардың айтуынша, жалпы, қараша айы жайлы басталғанымен, алдағы уақытта ауа райы кенет суытуы мүмкін. Осы айда еліміздің әр өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, кей күндері қар, бұрқасын, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болжанып отыр. Ал айдың екінші жартысында аяз күшейеді деген болжам бар. Мұндайда жолдағы жағдай да күрделене түсетіні анық. Мамандар кейбір тасжолдарда көріну қашықтығы нашарлап, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: