Күн салқындаса түрлі індет қозатыны рас. Менингококк инфекциясы кәдімгі суық тиюден басталып, арты ауыр асқынуға ұласуы мүмкін. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарды қауіпті инфекциядан сақтануға шақырды.
Алғашында мұрыннан су ағып, жөтел пайда болады, артынша дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, адам құсып, басы қатты ауыруы мүмкін. Әсіресе бір мен екі жас аралығындағы балалар мен 30-ға толмаған жастар инфекцияны жиі жұқтырады. Ауру қыс пен көктемде өршиді. Дерт асқынған жағдайда есту қабілеті нашарлап, балалардың ақыл-ой дамуы тежелуі, тіпті сал болып қалуы мүмкін. Сондықтан мамандар ауру белгілері байқалса, өз бетінше емделмей, дереу дәрігерге қаралуға шақырады. Инфекцияны алдын алу шаралары мынадай:
ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ:
Суық тиюден және дененің қатты тоңуынан сақтаныңыз.
Қоғамдық орындарға баруды шектеңіз.
Суық тию белгілері байқалған жағдайда немқұрайлық танытпай, бетперде тағыңыз.
Бөлмені үнемі желдетіп, ылғалды тазалау жасаңыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
