Елдегі ең таңдаулы арнайы жасақтың құрамына тұңғыш рет әйел жауынгер қабылданды.
Қымбат есімді ару «Китана» деген лақап атпен танымал. Оның «Бүркіт» жасағына дейінгі жолы Дубайда өткен халықаралық SWAT Challenge жарысынан басталған. Қымбат «Томирис» әйелдер командасының құрамында Қазақстан намысын қорғап, жарыстың әйелдер арасындағы санатында қарсыластарынан озып, бірінші орын алды. Ал жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтап, бірқатар ерлер командаларын да артта қалдырды. Осы жетістігінен кейін оған «Бүркіт» арнайы жасағына қосылу ұсынылған. Сөйтіп, Қымбат ел тарихында бұл элиталық жасақтың құрамына енген алғашқы әйел жауынгер атанды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
