Маңғыстауда қаза тапқан 14 сарбаздың ісі бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды. Тергеу аяқталуға жақын.
Бас прокуратураның хабарлауынша, қазіргі уақытқа дейін қылмыстық іс бойынша 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Қылмыстық істі Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары тергеп жатыр. Қызметіне салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен сегіз лауазымды тұлға қамалғанын білесіздер. Олардың қатарында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, әскери бөлімдердің командирлері және катер капитаны бар. Тергеу әрекеттері жақында аяқталып, күдіктілер іс материалдарымен танысады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: