Қостанайдағы қатігездік. Аулада алаңсыз отырған қарияны пышақтап өлтірген кім? Полицейлер 17 жастағы жасөспірімді ұстады. Ол 86 жастағы тұрғынды тапа-тал түсте өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл сұмдық жағдайдан кейін желіде «қалада маньяк жүр» деген қауесет қаптап, халықтың үрейі ұшты. Бірақ полиция басқа ешкім зардап шекпеді деп бәрін жоққа шығарды. Қазір бұл сұмдық әрекетке не себеп болғаны және екеуінің бір-бірін танитыны-танымайтыны тексеріліп жатыр.
НҰРБОЛ СӘДЕН, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: