Алматы метросы бүгін бір дүрлікті. «Райымбек батыр» станциясында «бомба қойылды» деген хабар түсіп, пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жолаушылар эвакуацияланды. Оқиға орнына жеткен арнайы мамандар станцияны түгел тексеріп, күдік тудыратын ешқандай зат тапқан жоқ. Полиция жалған хабар таратқан әйелді ұстады. Оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды. Қазір метро қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
