Тоғыз айдың ішінде елде 26 адам менингококк инфекциясын жұқтырған. Ауру кәдімгі суық тиюден басталып, арты ауыр асқынуға ұласуы мүмкін. Сондықтан, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарды қауіпті инфекциядан сақтануға шақырды.
Менингококк инфекциясы қыс пен көктемде өршиді. Алғашында мұрыннан су ағып, жөтел пайда болады, артынша дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, адам құсып, басы қатты ауыруы мүмкін. Әсіресе бір мен екі жас аралығындағы балалар мен 30-ға толмаған жастар инфекцияны жиі жұқтырады. Мамандар ауру белгілері байқалса, өз бетінше емделмей, дереу дәрігерге қаралуға шақырады.
ДИНАРА ОМАРОВА, СЭБ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Менингококк қалай жұғады? Инфекция көзі – науқас адам немесе менингококк бактериясын белгілерінсіз тасымалдаушы. Инфекция ауа-тамшы жолымен, негізінен жақын қарым-қатынас кезінде, соның ішінде жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлескенде таралады. Менингококк инфекциясы өте жылдам дамуы мүмкін. Сондықтан медициналық қызметке уақытылы жүгіну адамнің өмірі мен денсаулығын сақтайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: