Францияда хакерлер донор қаны мен плазма сақталатын тоңазытқыш камераларды істен шығармақ болды. Қаскөйлер салқындату жүйесіндегі температураны минус 30 градустан плюс 110 градусқа дейін көтермек болған. Кибершабуыл Францияның қан құю қызметіне қарасты үш бірдей сақтау қоймасының бақылау жүйесін қамтыған. Алайда дабыл жүйесі дер кезінде іске қосылып, қан сақталатын қор бүлінбеді. Ауруханалар қажетті медициналық материалдармен бұрынғыдай қамтамасыз етіліп жатыр.
Бұл Еуропадағы алғашқы шабуыл емес. Бұған дейін хакерлер супермаркеттегі тоңазытқыш жүйелерін істен шығарды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
