Елордаға Иордания королі ресми сапармен келді. Екі ел арасындағы маңызды экономикалық келіссөздер басталды. Ал алдағы күндері Астана халықаралық саясаттың орталығына айналмақ. Ауқымды «Ақаба процесі» саммиті өтеді. Ақаба саммитінің мақсаты қандай?
Мәртебелі мейман Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев қарсы алды. Салтанатты рәсім аясында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманның құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.
Салтанатты іс-шара Ақолрдада жалғасты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.Одан кейін Мемлекет басшылары келіссөздер залына бет алды.Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптардың сауда-экономикалық ,инвестициялық және мәдени -гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— 5-7 қараша аралығында Қазақстанға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді. Екі ел басшысы стратегиялық әріптестер пен одақтастық қатынастарды нығайту жолдарын қарастырады деп күтілуде. Сондай-ақ 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Ақаба процесінің Саммиті өтеді
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: