250 адамға арналған кереует, күндізгі стационар, химиотерапия бөлімі. Алматыда онкологиялық орталығы бар жаңа көпбейінді медициналық кешеннің құрылысы басталды.
Жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту міндеті аясында жүзеге аспақ. Ал жаңа кешен «Шығыс қақпасы» полиорталығында, яғни Құлжа тасжолының бойында бой көтереді. Жеті операциялық зал қарастырылған. Құрылысты 2028 жылдың екінші тоқсанында аяқтау көзделіп отыр.
Жалпы, 2030 жылға дейін шаhарда денсаулық сақтау саласында 27 нысан тұрғызылып, тағы 12 мекеме жаңғыртудан өтеді.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
— Мемлекет басшысының тапсырмасы Алматы қаласында алғашқы болып іске асайын деп жатыр. Бүгінгі тарихи күн барлығымызға құтты болсын! 70-тен астам емдеу мекемесінің құрылысын бастауға тапсырма алдық. Соның ішінде 8 перинаталдық орталық бар. Алматы қаласында да осындай орталықтың біреуі ашылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: