ТЕРГЕУ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Маңғыстаудағы трагедия. Сарбаздардың өліміне қатысы бар деген күдікпен 8 шенеунік қамалды. Әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы жағдай бойынша 300-ден астам куәгер мен қатысушыдан жауап алынып, 30-дан астам сараптама жүргізілді. Тергеу қашан аяқталады?
ҚОСТАНАЙДАҒЫ ҚАТЫГЕЗДІК
Қостанайдағы қатігездік. 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды. Аулада алаңсыз отырған тұрғынды пышақтап өлтірген 17 жастағы күдікті қолға түсті. Тұрғындардың үрейін ұшырған «маньяк» туралы қауесет расталды ма?
МЕНИНГОКОКК ҚАУПІ
Кәдімгі суық тию деп жүргеніңіз менингококк болуы мүмкін. Санитарлық дәрігерлер дабыл қақты. Дене қызуы 38-40 градусқа көтеріліп, басыңыз қатты ауырса, сақ болыңыз. Балаларды қауіпті індеттен қалай қорғаймыз? Мамандар кеңесіне құлақ түріңіз.
ТЕҢІЗДЕЙ ТУЛАҒАН МАХАББАТ
Сезім мен сыйластық, драма мен шынайы махаббат тоғысқан тынысы бөлек туынды енді көрерменге жол тартады. Жетінші арна бұл жолы өз қолтаңбасымен жасалған ерекше дубляжбен әлемдік телехикаяның эксклюзив премьерасын ұсынады.
АЛТЫН АЮ
Тарих қойнауынан сыр шерткен алтын аю. Алматы қаласынан бірегей сақ жәдігері табылды. Көне қорымды қазу кезінде ғалымдар бұрын-соңды кездеспеген алтын әшекей мен бірнеше адамның сүйегін тапты. Ежелгі сақ дәуірінің бұл құпиясы несімен ерекше?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
