Алматы облысында полиция қашқан көліктің дөңгелегіне оқ атып тоқтатуға мәжбүр болды. Оқиға Іле ауданына қарасты Жайнақ ауылында болған. Көлікті жасөспірім айдаған. Ол полицияның тоқтау туралы бұйрығын тыңдамай, қашуға тырысқан. Алайда алысқа ұзамады. Полиция кәмелетке толмаған заң бұзушының әкесін жауапқа тартты.
ЕРНАР САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Атап айтқанда, жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім автокөлік басқарып, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Осылайша, ол жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Іс материалдары құқық бұзушыны профилактикалық есепке қою мәселесін қарау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
