Жасөспірімдер ғана емес, тәжірибелі жүргізушілер де жол ережесін өрескел бұзып жүр. Мәселен, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында ер адам көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рөлге отырған. Оны полицейлер тоқтатпақ болғанда, жүргізуші бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Жалпы, өңірде мас жүргізушілерді ұстау кезінде мұндай жағдай жиі кездеседі. Ал Жаңаарқа ауданында мас күйде әрі көлік жүргізу құқығынсыз ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалады.
НҰРСҰЛТАН ҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Жыл басынан бері көлік құралын алкогольді, есірткі немесе уыт құмарлық масаң күйде басқарудың 301 фактісі анықталды. Оның ішінде 24 жағдайда көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың масаң күйде көлік жүргізген. Яғни жүргізуші куәлігі болмауына қарамастан, алкогольдік немесе басқа да масаң күйде көлік жүргізу жол қозғалысының барлық қатысушысына үлкен қауіп төндіреді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
