Сақтандыру төлемін 3 күнде алудың оңай жолы. Жұмысқа келе жатқан әріптесім Жаннұр Сахиева көлікті соғып алғанға ұқсайды. Тілшіміз аман. Осындай жағдайда не істеу керек? Жаннұрдың өзінен сұрайық.
ЖАННҰР САХИЕВА, ТІЛШІ:
— Жұмысқа келе жатып көлігімді соғып алдым. Дәл қазір жолда тұрмын. Бастысы, аманбыз. «Менкі дұрыс, сенікі дұрыс» деп сағаттап полицей күтіп тұрамын ба деп ойлағанмын. Сөйтсе, Еурохаттама деген дүние бар екен.
dtp.kz сайтына кірдім. Сәйкестендіруден өттім. Бірлесіп декларация толтырдық. Оқиға орнынан фото, видеоны жібердік. Енді сақтандырушыдан хабар күтеміз. Еурохаттаманы қолданудың 4 шарты бар екен. Оны маманның өзі түсіндірсін.
СЕРІКБОЛСЫН ТӨЛЕБЕК, САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Еурохаттаманы қолдану үшін мынадай шарттар қажет. Оқиғаға екі көлік құралы қатысқан болса, екі жүргізуші де қолданыстағы сақтандыру полюсі бар болуы, залал суммасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауы, қатысушылар арасында кінәлі тарапқа қатысты келіспеушіліктер жоқ болуы қажет. Сондай-ақ жол көлік оқиғасы салдарынан ешкімнің өмірі мен денсаулығына, үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтірілмеуі – міндетті шарт.
100 айлық көрсеткіш дегеніміз – қазіргі есеппен 432 500 теңге. Яғни, мен түйген көлікті жөндеу үшін кететін шығын содан аспауы керек. Сондай-ақ жол жиегіне, бағанға, бағдаршамға, өзге көлікке, өзге адамға зиянымыз тимеуі керек. Ең маңызды ереже, Декларация қабылданды деген хабарлама келгенше оқиға орнынан кетпеу керек.
Егер біреуі жарақат алса, мүлдем қолданылмайды. Онда бірден жедел жәрдем пен полицейді шақыру керек. Бізде бәрі дұрыс.
Еурохаттаманың пайдасы осы. Елдің жолын бөгемейсің. Жүйкеңді жұқартпайсың!
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
