АҚШ-тың бірнеше штатында нөсер жауын салдарынан су тасқыны болып, жүздеген тұрғын эвакуацияланды.
Аризона, Невада, Теннесси мен Флоридада елді мекендерді су басты. Флоридадағы Палм-Бей қаласында екі адам қаза тапты. Оңтүстік-батыста құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мамандардың айтуынша, бірнеше күндік толассыз жауын өзендердің арнасынан асып, кей жерлерде бірнеше айлық жауын-шашынның бір-екі күнде түсуіне себеп болған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: