Еуропа елдерінің әуежайларында бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама толастамай тұр. Кеше осындай қауіп туралы ақпарат кемінде 27 жолаушы рейсіне қатысты тараған. Соның салдарынан бірқатар ұшақ бағытын өзгертіп, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Кейбір әуе кемелерін әскери жойғыш ұшақтар алып жүрді. Қауіпсіздік қызметтері ұшақтарды, жолаушылар мен жүктерді тексерді. Әзірге ешбір ұшақтан жарылғыш зат табылған жоқ. Жалған хабарламалардың артында кім тұрғаны анықталып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
