Қазақстанға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келді.
Мемлекет басшылары елордада өтетін «Ақаба процесі» саммитіне қатысады. Халықаралық жиында Орталық Азия елдерінің басшылары жасанды интеллект дәуіріндегі қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ жаңа технологияларды террористік және экстремистік мақсатта пайдаланудың алдын алу, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты күшейту мәселелері күн тәртібіне шығарылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: