Ақтөбеде тағы бір әйелді бұрынғы күйеуі өлтірді. 26 жастағы келіншекті өз үйінде қылқындырып кеткен. «Қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін», — дейді полиция өкілдері. Әйелдің артында үш жасар баласы қалды. Күдікті ұсталып, тергеу амалдары басталды.
Айта кетейік, үш күн бұрын қалада осыған ұқсас қайғылы жағдай болған еді. Неке қию мекемесінде ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастаған.
ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал салдарынан орын алған. Бұл ретте бұған дейін полицияға аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжалдар болғаны туралы ешбір арыз-шағым, хабарламалар түспеген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: