Елордада есік алдында бейқам отырған зейнеткерді жас жігіт соққыға жықты. Бұл оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Зардап шегушіге сол маңдағы әйел адам араша түспек болады. Алайда, бұзақы оны артынан қуып жүріп ұрған. Полиция тәртіп бұзушыны ұстады. Ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қылмыстық іс қозғалды.
ЭЛЬМИРА ШӘУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД АСБ БАСТЫҒЫ:
— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 28 жастағы азаматтың алкогольдік мас күйде егде жастағы ер адамға дене жарақатын келтіргені, сонымен қатар жәбірленушіге араша түспек болған 41 жастағы әйелді де соққыға жыққаны анықталды. Полиция азаматтарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық, дөрекілік және агрессия таныту көріністеріне жол бермейтінін және мұндай әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
