Жасөспірімдер ғана емес, тәжірибелі жүргізушілер де жол ережесін өрескел бұзады. Мәселен, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында ер адам көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рөлге отырған. Оны полицейлер тоқтатпақ болғанда, бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жалпы өңірде жыл басынан бері 300-ден астам мас жүргізуші ұсталған.
НҰРСҰЛТАН ҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Жыл басынан бері көлік құралын алкогольді, есірткі немесе уыт құмарлық масаң күйде басқарудың 301 фактісі анықталды. Оның ішінде 24 жағдайда көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың масаң күйде көлік жүргізген. Яғни жүргізуші куәлігі болмауына қарамастан, алкогольдік немесе басқа да масаң күйде көлік жүргізу жол қозғалысының барлық қатысушысына үлкен қауіп төндіреді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
