АҚШ-та нөсер жауын соңы алапат су тасқынына ұласты.
Табиғи апат Теннесси, Флорида, Аризона және Невада штаттарында болды. Мәселен, Палм-Бей қаласында екі адам қаза тапты. Жүздеген тұрғын эвакуацияланды. Жалпы, ел бойынша 8 адам көз жұмған болуы мүмкін. Бірақ бұл – бейресми ақпарат. Құтқарушылар оңтүстік-батыста іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Мамандардың айтуынша, жауын бірнеше күн тоқтамай жауған. Салдарынан өзендер арнасынан асты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: