Еуропа әуежайларында бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама азаймай тұр. Кеше кемінде 27 жолаушы рейсіне қатысты осындай қауіп туралы қауесет тараған. Соның салдарынан бірқатар ұшақ бағытын өзгертіп, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Кейбір әуе кемелерін әскери жойғыш ұшақтар алып жүрді. Қауіпсіздік қызметі ұшақтарды, жолаушылар мен жүктерді мұқият тексерді. Ешбір ұшақтан жарылғыш зат табылған жоқ. Жалған хабарламалардың артында кім тұрғаны белгісіз. Оны мамандар анықтап жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
