Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын. Бас прокуратураның мәліметінше, жағдайды жан-жақты анықтау үшін кешенді тергеу жүргізілді. Президент тапсырмасымен құрылған комиссия тексерістің аралық нәтижесін жариялады. Жалпы тексеріс ведомствоның 104 объектісін қамтыған. Өзге де құқық бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар бюджет қаражатына қатысты аудит тексерісі де жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Комиссия ұсыныстары әскери реформа жоспарын іске асыру барысында да пайдаланылады. Тексеру жұмысы осы айдың соңына дейін жалғасады.
ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:
«Қазірге дейін 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
