Еуропада Alatau City жобасына 2 миллиард АҚШ долларынан асатын инвестиция тартуға мүмкіндік беретін келісімдер жасалды. Қазақстандық делегацияның инвестициялық роуд-шоуы Лондон, Берлин және Франкфурт қалаларында өтті.
Іскерлік сапар қорытындысы бойынша, жалпы инвестициялық әлеуеті 2 миллиард доллардан асатын 27 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Келіссөздер барысында халықаралық қаржы институттарымен әріптестік орнату, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар неміс компанияларымен машина жасау, медицина, инженерлік инфрақұрылым және цифрлық экономика бағыттарындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды. Роуд-шоудың Германиядағы кезеңінде инвестициялық әлеуеті 715 миллион доллар болатын 18 келісімге қол қойылды.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Кездесулер барысында инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп өндірісін жолға қою, орта және жоғары білім беру салаларын дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына ерекше назар аудардық. Германияда және басқа елдерде 40-тан астам ауруханасы бар ірі Sana компаниялар тобымен кездестік. Медициналық кластердің толық тұжырымдамасын бірлесіп әзірлеп, оны жүзеге асыруға уағдаластық.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: