Соңғы кездері қазақстандық оқушылар мектеп үзілісінде телефонға телмірмей, шахмат ойнап уақыттарын тиімді өткізуде. Бұған зияткерлік ойынға қызығушылықтың артуы себеп. «Келешек мектептері» жобасындағы 184 білім ордасына шахмат бағдарламасы енгізілген.
Астанада оқушылар арасында республикалық командалық шахмат турнирінің шешуші кезеңі басталды. Аймақтық іріктеуден сүрінбей өткен 24 үздік командадан 94 шахматшы шешуші кезеңде кездесті. Зияткерлік жарыс халықаралық FIDE ережесіне сай, рапид форматында өтеді. Қатысушылар жеті кезең бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, мұндай форматтағы турнир Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жоба Халықаралық шахмат федерациясының бастамасымен жүзеге асырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: