ҚАРИЯНЫ САБАДЫ
Елордада зейнеткерді аяусыз ұрып, соққыға жықты. Екі ортада қорғансыз қарияға араша түспек болған әйел адам таяқ жеді. 28 жастағы бұзақы ұсталды. Оның бейкүнә тұрғындарға не үшін жұдырық ала жүгіргені белгісіз. Мән-жайды тергеу анықтайды.

«БҰЗАҚЫ» ЖАСӨСПІРІМ
Полиция қашқан көліктің дөңгелегіне оқ атып тоқтатты. Оқиға Алматы облысында болды. Көлікті жасөспірім айдаған. Көшеде полицияны көргенде зәресі ұшып, жүйтки жөнелген. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған заң бұзушының әкесін жауапқа тартты.

ІРГЕДЕГІ ЖОЛ
Шымкент қаласындағы тас жол жер үйлерге тақап салынған. Жиекті қымтаған топырақ іргені көміп, одан ұшқан тас терезеге тиеді. Тұрғындар балаларының қауіпсіздігіне де алаңдайды. Ал жауапты мекеме өкілдері үлкен жолды саларда қайда қараған?

ЖАУАПСЫЗ ЖҮРГІЗУШІ
Ұлытау облысында мас күйде көлік айдайтын жүргізуші көбейді. Жыл басынан бері өңірде осындай 300-ден астам адам ұсталған. Кейбірі тіпті куәлігінен айырылса да, тізгінде отыруды әдетке айналдырған. Олар заңнан қорықпай ма әлде жауапкершіліктен жұрдай ма?

АҚАБА ПРОЦЕСІ
Астанада «Ақаба процесі» саммиті өтті. Ауқымды шараға қатысу үшін Иордания королі екінші, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері ресми сапармен келді. Жиынға «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбы арқау болды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: