Қарағанды облысында әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан 34 жастағы ер адам ұсталды. Абай қаласының тұрғыны 28 жастағы келіншек қазір ауруханада жатыр.
Полицияның мәліметінше, оқиға туралы құқық қорғау органдарына жедел жәрдем диспетчері хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған. Сол кезде 34 жастағы ер адам қолына пышақ алып, әйелін жарақаттаған. Мәселенің мән-жайы тергеліп жатыр
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— 6 қараша күні жедел жәрдем қызметінің диспетчерінен полицияға Абай қаласының 28 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен медициналық көмекке жүгінгені туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: