Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектебінің басшысы ауысты. Бұрынғы директор қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы білім ошағының баспасөз қызметі мәлімдеді. Оның орнына жаңа директор тағайындалды. Мектеп тізгінін Алмаз Күнғожин қолға алды.
Еске салайық, қазан айының ортасында мектептің 47 оқушысы ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен еді. Кейін уланған балалардың саны артты. Осы жанжалдан соң білім ошағы уақытша қашықтан оқытуға көшкен болатын. Қазір мектепте оқу процесі әлі толық қалпына келген жоқ. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оқу орны 16 қарашадан бастап гибридті форматқа ауысуды жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, қалалық оқушылар мектепке барып, дәстүрлі жүйеде оқиды. Ал интернатта жататын балалар әзірге онлайн білім алуды жалғастырады.
РФММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Республикалық физика-математика мектебі Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетович Күнғожин тағайындалды. Ол бұған дейін РФМШ-да білім алған. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: