Қазақстанда ауа райы күрт өзгерді. Шуақты күндердің орнын нөсер жаңбыр басып, кей облыстарда соңы қарға ұласты. Елдің басым бөлігін аралас жауын-шашын күтіп тұр. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Батыс пен солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-шығысы ғана әзірге антициклонның ықпалында болады. Түнгі үсік, қар мен көктайғақ жолдардағы жағдайды қазірдің өзінде айтарлықтай қиындатып жіберді. Жол беті тайғақ болып, көліктің тежелу қашықтығы бірнеше есе артты.
НҰРСҰЛТАН БАЙМҰХАН, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ПАЙДАЛАНУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНЖЕНЕРІ:
— Бүгін 9 қараша Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
