Жүздеген адам діттеген жеріне жете алмады. 8-9 қараша күндері полиция Астана – Щучинск, Астана – Павлодар және Көкшетау – Атбасар бағытына шыққан көліктерді тас жолдарға жібермеді.
Бұған көліктерінің дөңгелегін маусымға сай ауыстыруға асықпаған жүргізушілер кінәлі. Тасжолдарда алғашқы көктайғақ олардың қысқа дайын емесін көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда полиция қызметкерлері жазғы дөңгелекпен келе жатқан 800-ге жуық көлікті кері қайтарды.
Полицияның мәліметінше, жүргізушілер отбасымен бірге жолға шығып, өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Соңғы күндері бірнеше жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан балалар да зардап шекті.
ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Кейбір ата-аналардың жауапсыздығы алаңдатады. Полиция департаменті қысқы дөңгелекке уақытылы ауысу қажеттігін бірнеше рет ескерткен болатын. Соған қарамастан, кеше 744 көлік кері қайтарылды. Олардың шамамен 300-400-інде балалар болған. Жүргізушілер жолда көктайғақ бар екенін біле тұра, жазғы дөңгелекпен сапарға шыққан.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
