Мысырда теміржол апатынан 7 адам көз жұмып, тағы 125-і жарақат алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалыстағы жолаушылар пойызы жолда тұрған екіншісіне соғылған. Салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен. Оқиға орнына 72 жедел жәрдем көлігі жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар дабыл жүйесіндегі ақау мен машинистің қателігі нұсқаларын тексеруде. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір 43 адам ауруханада жатыр. Оның 12-сінің жағдайы тұрақсыз. Тағы 71 жолаушы ауруханадан шығарылған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
