Польшада қанды шабуыл. Краков қаласының орталық алаңында оқ атылып, 6 адам қаза тапты. Тағы 17-сі жараланған.
Күдікті көлікпен Базар алаңына барып, айналасындағыларға оқ жаудырған. Зардап шеккендердің арасында екі полицей бар. 24 жастағы ер адам көп ұзамай қолға түсті. Оны полиция қызметкерлері жаралаған болатын, кейін күдікті көз жұмды. Үйін тінту кезінде тағы үш адамның мәйіті табылғаны хабарланды. Олардың барлығы етжақындары болып шықты. Әзірге шабуылдың нақты себебі белгісіз.
Польшада 8 және 9 қараша ұлттық аза тұту күндері болып жарияланды. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Польша басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ақорданың ресми телеграм парақшасында берілген мәтінге назар аударайық.
Aqorda
«Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты. Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: