Коронавирустың жаңа штамы суық тию мен тұмауға ұқсас белгілермен басталуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы PJ.2.1 деп аталатын жаңа нұсқаның Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқанын хабарлады.
Мамандардың айтуынша, науқастың тек белгілеріне қарап, қандай вирусты жұқтырғанын нақты анықтау мүмкін емес. Сондықтан қажет болған жағдайда зертханалық тест тапсыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірге жаңа штамның басқа нұсқаларға қарағанда ауыр өтетініне немесе өзгеше белгілер тудыратынына дәлел жоқ екенін мәлімдеді. Алайда әлемде таралу қаупі артып келе жатқандықтан, ұйым вирустың жайылуын жіті бақылап отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
