Шығыс Қазақстан обьлысында жұрттың наразылығын тудырған видеоға қатысты полиция тергеуді бастады. Бейнежазбада қызын туған күнімен құттықтап, ернінен сүйген әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Көпшілік мұны әкелік мейірімнен гөрі әдепсіз әрекетке балап, қызу талқылап жатыр. Қоғамда резонанс тудырған бейнежазбаға қатысты құқық қорғаушылар да пікір білдірген. Ал өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл әзірге түсініктеме беруден бас тартты. Кей ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыздың ата-анасы да үндеу жасап, өз құқықтарын сотта қорғауға ниетті екенін мәлімдеген.
ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Аталған дерек бойынша полиция тергеуді бастады. Сонымен қатар, тексеріске білім басқармасы мен жергілікті атқарушы органның өкілдері де тартылды».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: