Жол апатынан 4 күндік шақалақ зардап шекті. Ақмола облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері қазір жаңа туған нәрестенің өмірі үшін күресіп жатыр. Баланың миы жарақаттанған. Оқиға «Астана – Петропавл» тас жолында болған. Перзентханадан шығарып, анасы мен баласын үйіне апара жатқанда екі жеңіл көлік пен ауыр жүк көлігі соғылған. Апат салдарынан алты адам жарақат алды. Оның екеуі – бала. Бір күн бұрын осы жансақтау бөліміне тағы бір төрт жасар бүлдіршін түскен. Жол апаты сол учаскеде болыпты. Тіркеменің соққысынан бала көліктің терезесінен ұшып кеткен. Бұдан бөлек, Жақсы ауданында болған жол апатынан тағы төрт бала жарақат алды.
ЕРБОЛ ЖҰМАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Ең кішісінен жаңадан туылған нәресте келіп түсті. Туғаннан 4 күн өткен кезде жол апатына ұшырады. Реанимация бөлімшесіне түсті. Қазір емін жалғастырып жатыр. Одан кейінгі екінші науқас – 10 жасар бала. Ол кеше жексенбі күні түсті. Жақсы ауданында болған жол апатынан 4 бала зақым алды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
