Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің басшысы ауысты. Бұрынғы директор қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы білім ошағының баспасөз қызметі мәлімдеді. Оның орнына жаңа директор тағайындалды. Мектеп тізгінін Алмаз Күнғожин қолға алды.
Еске салайық, қазан айында мектептің 47 оқушысы ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен еді. Кейін уланған балалардың саны артты. Осы жанжалдан соң білім ошағы уақытша қашықтан оқытуға көшті. Қазір мектепте оқу процесі әлі толық қалпына келген жоқ. Оқу орны 16 қарашадан бастап гибридті форматқа ауысуды жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, қалалық оқушылар мектепке барып, дәстүрлі форматта оқиды. Ал интернатта жататын балалар онлайн білім алуды жалғастырады.
РФММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Республикалық физика-математика мектебі Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетович Күнғожин тағайындалды. Ол бұған дейін РФММ-де білім алған. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: