Ақтөбеде 16 жастағы студенттің өліміне қатысты сот процесі басталды.
Қайғылы оқиға биыл көктемде колледж жатақханасында болған. Айыптау материалдарына сәйкес жоғары курс студенті жасөспірімді түнгі уақытта дүкенге жіберу үшін төртінші қабаттан түсуге мәжбүрлеген. Ал осы сәтте оның қолы тайып, жоғарыдан құлап кетеді. Ауыр жарақат алған науқас бір жарым айдан астам уақыт ауруханада жатқан. Алайда дәрігерлер оны өлімнен арашалай алмады. Қазір бұл іске күдікті 21 жастағы студент сот алдында жауап беріп жатыр. Оған екі бап бойынша айып тағылуда. Марқұмның анасы ұлының өліміне колледж бен жатақхана басшылығы да жауап беруі керек деп есептейді. Өйткені ол бауыр еті баласын білім алсын деп аталған оқу орнына сеніп тапсырған.
ГҮЛӘЙІМ КҮЛЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Басынан қатты жарақат алған. Ішкі құрылысының бәрі езіліп кеткен. Ешқандай туысы кешірім сұрап келген жоқ. Маған бірінші сотта адвокаттары келіп қайыр болсын деп айтып жатты. Қазақпыз ғой, ең болмағанда «Балаңның арты қайырлы болсын» деген бір ауыз жылы сөз айтуға болады ғой.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: