Коронавирустың жаңа штамы суық тию мен тұмауға ұқсас белгілермен басталуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы PJ.2.1 деп аталатын жаңа нұсқаның Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқанын хабарлады. Мамандардың айтуынша, науқастың белгілеріне қарап, қандай вирусты жұқтырғанын нақты анықтау мүмкін емес. Сондықтан қажет болған жағдайда зертханалық тест тапсыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірге жаңа штамның басқа нұсқаларға қарағанда ауыр өтетініне немесе өзгеше белгілер тудыратынына дәлел жоқ екенін мәлімдеді. Алайда әлемде таралу қаупі артып келе жатқандықтан, ұйым вирустың жайылуын жіті бақылап отыр.
САЛТАНАТ БЕКҚОЖИНА, ҚР ДСМ СЭБК БАС САРАПШЫСЫ:
— PJ.2.1 жаңа нұсқасына келетін болсақ, ол да «омикрон» тұқымдасына жатады және JN.1 желісінің эволюциялық ұрпағы. Оның алдағы уақытта таралуын және ықтимал таралу ауқымын болжауға әзірге ерте. Бүгінгі таңда бұл жаңа нұсқаның аурудың ауыр өтуіне себеп болатынын немесе халық үшін жоғары қауіп төндіретінін растайтын жеткілікті деректер жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
