Өскемендегі мамандандырылған медициналық орталық дәрігерлері күрделі нейрохирургиялық операцияларды меңгеріп жатыр. Өңірде алғаш рет мамандар ми тінінен өте жіңішке ине арқылы биопсия алды. Небәрі 15 минутқа созылған операцияға дайындық бірнеше сағатқа жалғасқан. Дәрігерлер отаға кіріспес бұрын арнайы тренажерда барлық әрекетті пысықтап шықты. Бұған дейін қауіпті ауруларды анықтауға арналған мұндай диагностикалық әдіс тек Астанада қолданылып келген. Жергілікті дәрігерлерге тәжірибелік шеберлік сабағын еліміздің жетекші нейрохирургтері өткізді.
ТАЛҒАТ ЕРМЕКОВ, ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГІ:
— Бұл әдістің өңірлер үшін де, жалпы Қазақстан тұрғындары үшін де маңызы зор. Өйткені бұл – ағзаға барынша аз зақым келтіретін операция. Стереотаксиялық жақтаудың көмегімен шағын тілік жасалып, жіңішке пункциялық ине мидың нақты белгіленген бөлігіне енгізіледі. Сол жерден ми тінінің кішкене үлгісі алынады. Ол нақты диагноз қоюға және науқасты одан әрі емдеу тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: