Қазақстанда алдағы жылы бокс, дзюдо, таэквондо, үстел теннисі мен киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем біріншілігі ұйымдастырылады. Бұл туралы Президент Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда өткен жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларға алғыс айтты. Көктемде Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді. Президент мұндай халықаралық жарыстар ел беделін көтеріп қана қоймай, туризм мен спорт инфрақұрылымының дамуына серпін беретінін атап өтті. Алдағы уақытта елімізде спорт саласын дамытуға қолдау артпақ.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қазақстанда әрбір баланың спортпен айналысуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл әлеуметтік мәні терең міндет қана емес, осы міндеттің саяси мағынасы әлдеқайда маңызды. Еліміздің шалғай ауылдарында болашақ чемпиондар, яғни жеңімпаздар өсіп келе жатыр. Олардың бәріне бірдей жағдай жасалуы тиіс. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мақсаты да осы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
