ӘКЕНІҢ ӘРЕКЕТІ
Шығыс Қазақстан облысында туған қызының ернінен ұзақ сүйген әкенің әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Жеткіншектің 12 жасқа толған туған күнінде ер адам құттықтап, сүйген сәті әлеуеттік желіге тараған.
800 КӨЛІК ҚАЙТАРЫЛДЫ
Ақмола облысында жол апатынан нәресте зардап шекті. Ата-анасы 4 күн бұрын дүниеге келген шақалақты жолға алып шыққан. Осыдан кейін сақшылар талапты күшейтті. Тас жолдарда қысқы дөңгелек ауыстырмаған 800 жүргізуші кері қайтарылды.
ӨЗ ЕРКІМЕН КЕТТІ
Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі филиалының директоры өз еркімен қызметінен кетті. Оның орнына жаңа басшы тағайындалды. Білім ошағында оқушылар жаппай уланған еді. Қазір итернат балалары онлайн білім алып жатыр.
КРАКОВТАҒЫ ТЕРАКТ
Краков қаласында оқ жаудырған 24 жастағы күдікті ауруханада көз жұмды. Ол орталық алаңда оқ атқан. Теракт салдарынан 6 адам қаза тапты. Осыдан кейін Польшада ұлттық аза тұту күні жарияланды.
ЖАҢА ШТАММ
Коронавирустың жаңа штамы суық тию мен тұмауға ұқсас белгілермен басталуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы PJ.2.1 деп аталатын жаңа нұсқаның Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқанын хабарлады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
