Жаңалықтарымызды кеше кешке Астанада болған қайғылы жағдайдан бастайық. Әріптесім Инара Барсақбаева оқиға орнына барып, куәгерлерден сұхбат алды. Екі қыз бала 13-ші қабаттан құлап, көз жұмған. Полиция дереу қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА – ТІЛШІ:
— Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кеше кешкі сағат жетілер шамасында осы тұрғын үй кешенінде болған. Кәмелетке толмаған екі қыз бала 13-ші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Кеше бұл маңда жедел жәрдем көліктері мен полиция қызметкерлері көп болды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын дереу қоршауға алған. Қазір қоршау алынып, қан іздері құммен жабылған. Куәгерлердің бірі сол сәтте қатты тарс еткен дыбыс естігенін айтады.
Қайғылы жағдайдан кейін тұрғындар әлі де есеңгіреп отыр. Олардың айтуынша, жасөспірімдер бір мектепте, бір сыныпта оқыған болуы мүмкін. Алайда олардың мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл сұраққа әзірге ешкім нақты жауап бере алмайды. Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қожзғап, тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы жағдайға қатысты барлық мән-жай анықталады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
