Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Оқиға кеше кешкі уақытта болған. Әуе компаниясы өкілдерінің мәліметінше, ұшақтың борттық жүйесінде ескерту сигналы іске қосылған. Осыдан кейін экипаж ұшуды жалғастырмай, елордаға қону туралы шешім қабылдаған. Алайда сигналдың нақты неден іске қосылғаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, борттық жүйенің ескерту сигналы – ұшақтың басқару панелінде пайда болып, қандай да бір жүйедегі ықтимал ақауды білдіретін хабарлама. Яғни борттық компьютер экипажға ұшақ жүйелерінің бірінде ақау болуы мүмкін екенін ескертеді.
ВИКТОРИЯ СТАРОЖИЛОВА, SCAT ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
«Мәскеу – Алматы бағыты бойынша рейсті орындау кезінде борттық жүйенің ескерту сигналы іске қосылды. Экипаж Астана қаласындағы базалық әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қонды. Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін әуе компаниясы қосалқы ұшақ ұсынды. Ол келгенше жолаушыларға салқын сусындар берілді. SCAT әуе компаниясы үшін жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – басты басымдық».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
