Түркияның Измир провинциясындағы металлургия зауытында болған жарылыстан кемінде 17 адам қаза тапты. Тағы 13 жұмысшы жарақат алған, екеуінің жағдайы ауыр. Оқиға Алиаға ауданындағы Хабаш кәсіпорнында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балқытылған болатты құю кезінде көпірлі кран үзіліп, электр доғалы пешке құлаған. Салдарынан өндіріс орнында алапат жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Қазір апаттың себептері анықталып, кінәлілерді жауапқа тарту үшін тергеу жүріп жатыр. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот және әкімшілік тексеріс басталғанын мәлімдеді.
ВЕДАТ ИШЫХАН, ТҮРКИЯНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
— Алғашқы мәліметтер бойынша, жарылыс жөндеу жұмыстары кезінде құлаған құрал-жабдықтың салдарынан табиғи газ бен оттегі құбырларының үзілуінен болған. Оқиғаға байланысты бірден екі бас еңбек инспекторын тағайындадық; бұл істе салғырттық танытқандар міндетті түрде жазаланады. Қазір тексеріс мұқият жүріп жатыр. Әзірге нақты ақпарат беру ертерек. Тексеру процесі толық аяқталғаннан кейін, оның барлық нәтижесін қоғамға жария етеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: