«Бір еуроға дөнер». Германияда өткен жеңілдік науқаны жаппай тәртіпсіздікке ұласып, тұрғындар полициямен қақтығысты.
Дортмун қаласында жаңадан ашылған тез тамақтанатын орында қарбалас болды. Қоғамдық тамақтану орны ашылу құрметіне жеңілдік жасап, бір дөнерді бір еуроға сатқан. Жүздеген тұрғын арзанға алданып, ақыры тамаққа таласты. Олардың дені жасөспірім болса керек. Кезекте тұрғандар шыдамай, бір-бірін итеріп, киліге бастаған.
Сөйтіп, науқан соңы әп сәтте жаппай тәртіпсіздкке ұласып кеткен. Іс насырға шауып бара жатқанда дөнерхана иесі полиция шақырған. Бірақ тәбеті ашылған жұртшылық тәртіп сақшыларына дес бермей, қарсылық көрсеткен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: