Президенттің қатысуымен Қазақ тілі қоғамының мерейтойлық Х құрылтайы өтіп жатыр. Бұл халықаралық ұйымға жүктелген міндеттің жүгі ауыр.
Айта кетейік, қазір қазақ тілі эндаумент қорында 824 млн теңге жиналған. 2023 жылы бұл қоғамның құрылуына Мемлекет басшысы түрткі болып, қорға алғаш рет өз атынан 7 млн теңге құйған болатын. Содан бері ұйым әлемдегі беделді студиялармен әріптестік орнатып, талай мультфильм қазақ тілінде дыбысталды. Оның сыртында мамандар GPT моделін қазақша үйрету ісімен айналысып жатыр.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Астанада Халықаралық «қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайы басталды. Бүгінгі мемлекеттік тіл мәртебесін ұлықтар маңызды шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Тіл тұғырын бекітіп, қолданысын кеңейтуге атсалысып жүрген барлық өңірдің Қазақ тілі қоғамы мүшелері, тіл жанашырлары осында. Мемлекеттік тілді үйренуге небәрі бір жыл ғана уақыт кетті деген кәріс азаматы қазір қазақ тілін өзгелерге өзі оқытып жүр.
ВЛАДИСЛАВ ТЕН, ҚҰРЫЛТАЙҒА ҚАТЫСУШЫ:
— Мен Ташкент қаласының тумасымын, ұлтым кәріс. Қазақстанға келгеніме 16 жыл болды. Қазақ тілін үйрету үшін үйрендім. Қазір қазақ тілі мектебім бар. Қазақ тілінен басқа тілден де сабақ беремін. Менің командамда мұғалімдер де бар.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Халықаралық қазақ тілі қоғамының ауыз толтырып айтар жұмысы жеткілікті. Мәселен, соңғы үш жылда әлемдік танымал киностудияның 13 фильмі қазақ тілінде дыбысталып, үлкен экранға шыққан. Қазақша көрсетілім көрермені 1 миллионға жуықтап отыр. Ал жасанды интеллекті мен қазақша мәтіндік қор 14 миллиард токинге жеткен. Құрылтай жұмысы жалғасып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: