Астанада жауын-шашын басылғанымен, күн суытты. Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Атап айтқанда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана мен Көкшетау қалаларында көктайғақ болады. Ал Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлерінде қар ралас жаңбыр жауып, тұман түсуі ықтимал. Осыған байланысты құтқарушылар азаматтарды сақ болуға және дауылды ескертулерге назар аударуға шақырды.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжанады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек еліміздің батысында 11-12 қараша күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
